01.01.2023
  118


Автор: Жанұзақ Аязбеков

Абай болайық...

Бәріңізге аян, еліміздегі ең ірі қала – миллионнан артық тұрғыны бар Алматыдағы                         екі     көшенің     қиылысындағы     қызтекелерді     (гей-клуб) жарнамалау үшін     Құрманғазы мен Пушкиннің сүйіскен суретін                 салып (постер) әлеуметтік желілер арқылы таратып жіберген. Екі ұлттың екі өнер алыбы аяқ астынан гей-клуб «жаршылары» болып шыға келді! Масқара! Бірақ эмоцияны сәл қоя тұралық. Бұл әрекетті кім, қалай түсінді? Алдымен, «бұл бүкіл қазақтардың намысына тиді. Олардың маған жауап бергені орысша: «Ол – ханжество», – деді, сіз түсінбейсіз. Бұл – креатив. Ешқандай, қазақтардың намысына тиетін нәрсе жоқ деп. «Намысыма тиді», – деді бір қазақ – Құрманғазының шөбересі Нүркен Халықберген. Ең сұмдығы – Havas Worldwide жарнама агенттігінің директоры, тағы бір қазақ – Дария Хамитжанова: «Бұл жерде ешқандай қылмыс жоқ. Бұл – шығармашылық. Біз өз жұмысымызды тоқтатпаймыз. Алдағы уақытта да бірнеше үлкен жарнамалар жасайтын боламыз. Аты белгісіз әншілерден бастап, ұсақ қоғамдық ұйымдарға дейін барлығы осы суреттің арқасында атын шығарғысы келеді», – депті шімірікпестен. Суретті салғандар мұны ұлттың намысына тидік демейді. Олар мұны «шығармашылық жетістік» деп отыр. Олардың түсінігінде бұл пәниде айрықша әспеттейтін құндылық жоқ, бұл фәниде ақшаға сатып алып, көретін тән рахаты, атақ, даңқ қана бар.


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 34 адамнан құралған ұстаздары мен студенттер тобы сурет салғандарды сотқа берді. Сот істі қарап, агенттікке айыбы үшін 34 миллион теңге төлесін деп шешті. Жарнама агенттігінің мал-мүлкі тәркіленеді. Бірақ көкейде көп сауал көлденең тұрып қалғандай.


Алматы сияқты елдің абырой-беделін асқақтататын алаш азаматтары шыққан, бүгін де интеллектуалдар ордасы, ең көркем де сұлу қазақ қаласында гей-клуб неге ашылған? Жүз жерден демократия, заманауи жаһандық үдеріс десе де, бұл бізге жат, болмысымызға зиян, азғындық қылық! Бір қазақ намысыма тиді дейді, енді бір қазақ бұл жарнама деп бет бақтырмайды. Құрманғазы алаштың арындай маңдайымызға біткен ұлы тұлғаның әруағын саудаламағанда несі қалды енді?!


Рас, Мәдениет министрі айыптады. Бірақ бұл аз. Қалың ұлттың ар-ұяты дейтін маңдайалды, намысқой тұлғалар, зиялылар елге қарата сөз айтпады. Тоқсан тоғызы жиналып, тоғыз ауыз сөз түйіп, билікке дат демеді. Құрманғазының төл ұрпағы болмаса, қайтер еді? Ұлттың ішкі тұтастығы қайда? Қазақтық намысын кім қорғауы тиіс? Дүбәра демократия қазақтың ғасырлар бойы келе жатқан өміршең дәстүрлері мен өмір салтын аяққа таптап кете бере ме?


Ғаламторда қостанайлық гейлер жасырын пәтерлерде, түн ауғанда кафе-клубтарда бас қосайық деп хат жазысып жатыр. Күндердің күні құдай атып, Қостанайдан бұдан да сорақысы алдымыздан шығып жүрмесін...


 


Әй, бірақ, бүгінгі адамның еті бәріне үйреніп кетті. Нағыз итжанды енді болдық. Бәріне көне береміз. Ар-намыс ше? Бұл бойдағы бір ет пен терінің арасындағы желіктей ғана болғаны ма?...


Ұлттық намысы күшті. Ұлт азғындыққа төзбейді. Іштей іруге хақымыз жоқ.


Ұлттық мінез керек. Абай болайық, ағайын!





Пікір жазу