Бес жапон немесе Бауыржан
Сонау он тоғызыншы ғасырдың алпыс үшінші жылы. Жапон елінде төрткүл дүниеден оқшауланып, сырттан кіргізбейтін, елден шығармайтын, егер кеткендерді біліп қойса өлім жазасына кесетін бір қатыгез заман орнапты. Бірақ күндердің күні арман қуған, тепсе темір үзетін жапонның бес жігіті мынандай нартәуекелге бел байлайды. Ағылшынның сауда фирмасы кемесінің олармен келісіп, жағалауға келгенін пайдаланып, ағылшын теңізшілерінің киімін киіп, жасырынып шетелге аттанады. Содан 135 күн бойы, алдымен Шанхайға, Шанхайдан Лондонға кемемен жүзіп, ақыры есен-сау жетеді. Ұлыбританияның Виктория ханзадасы билеген тұста ағылшындар күншығыс елінен келген бесеуді жылы қабылдап, бірден университет колледжіне оқуға қабылдайды. Арада бес жыл өтіп, оқуды бітіріп, маман болып шыққан бес жапон ештеңеге қарайламай туған еліне қайтады. Жапонияға келгенде заман өзгерген екен. Бес жігітке өздерінің қабілет-қарымын көрсетуге даңғыл жол ашылады. Олар білек сыбана талантымен тәнті етіп жапон Үкіметінің құрамын жасақтауға белсене кіріседі. Бесеудің бірі – Ито Хиробуми 4 рет Жапонияның премьер-министрі, 2 рет ішкі істер министрі, бір-бірден әділет және сыртқы істер министрі қызметін атқарады. Ең бастысы – Жапон Конституциясының авторы және Гэно императорының ең жақын кеңесшілерінің бірі болады. Ал Иноуэ Каоруда Үкімет құрамында қоғамдық жұмыс, сыртқы істер және егіншілік министрі қызметтерінде болады. Ал Эно Кинсукэ ұлттық валюта енгізуге қатысып және Осакодағы монета жасайтын сарай соқтырған. Иноуэ Масару жапония "темір жолының әкесі" атанады. Бесеудің соңғысы Ямао Едзо кеме жасайтын кәсіпорынды басқарып, одан соң инженерлік колледждер, сондай-ақ, зағиптар мектебін ашады. Бұларды көріп Жапониядан тағы 15 адам Лондонға аттанады. Арада бірнеше жыл өткеннен кейін жапондық көптеген жастар Кембридж және Оксфорд университеттерінің оқып, елге оралып жатты. Сол жастардың қажыр-қайратымен реформаторлық ізденіс-әрекеттерінің арқасында қараңғы артта қалған Жапония әлемдегі ең озық технологиялық державаға айналды.
...Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Елбасы аса сұңғылалық танытты. Бәсекелестікке қабілетті ұлт қалыптастыру үшін аса маңызды шаралардың бірі – халықаралық "Болашақ" стипендиясын тағайындауға Жарлық шығарды. (1993 ж.) Ел экономикасына реформаларды тиянақты жүргізу мақсатында достастық елдердің тарихында тұңғыш рет қазақ елі талантты жастарды шетелге білім алуға жіберді.
Әл-әзір нәтижесі: Алғашқы он жылда (1994-2004 ж.ж) 785 студент шетелде оқыса, бағдарлама іске асырылған жиырма жылда 10 025 шәкіртақы тағайындалды. Оның ішінде 6 015 экономиканың нақты секторларында жұмыс істеуде.
Ал билікке қолы жеткендердің ішіндегі көрнектісі жылдарда Федеративті Германия республикасында бағдарламасының стипендиаты болған Бауыржан Байбек – партиясының бірінші орынбасары.
– 1994-1998 "Болашақ" "Нұр Отан"