28.12.2022
476
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-12-28-21-38-56.png)
Ең жақсы құс
Қанаттарын ебедейсіз жалп-жалп қағып қар үстінде ұшып-қонып жүрген қарғаларға қарап:
– Папа, менің ең жақсы көретін құсым – қарға, – деді Айнұр. Лұқпан таңданды.
– Неге? Ол нағыз жаман құс қой. Өлексенің, қоқыр-қоқыстың жанында жүреді. Лас, сасық нәрселерді жейді. Көрмейсің бе, түрі де күйедей қап-қара.
– Бәрібір жақсы көремін. – Неге?
– Себебі ол күзде басқа құстар секілді бізді тастап, жылы жаққа ұшып кетпейді. Суықтан, аяздан қорықпайды....
Лұқпан үнсіз қалды. Бұл ой оның басына келмеген еді.