28.12.2022
  159


Автор: Ерлан Аманқожаұлы

Кім кетті...

Кім кетті,
Кім келді?...
Жұрт білмес,
Осыны неліктен ұқтым кеш?
Сағыныш жел текті еседі,
Махаббат аспаншыл бұлтқа үндес.
Кім едім,
Кім едің,
Кім білмек?!
Білемін дейтіндер бүлдірмек.
Адамдар, адамдар бір-бірін,
“Білемін” дегені құр дүрмек...
Сен кімсің,
Тәкаппар тоты ірең?!
Мен кіммін,
Жүректе оты кем?!
Сен жайлы өзіңнен сұрайын,
Мен жайлы айтпашы өтінем.
Сен жайлы сезімнен наз ұғып,
Мен жайлы,
Мен жайлы аз ұмыт.
 
Өлімнен қорқамын,
Мен жайлы
Арнаулар кетер деп жазылып.
Күлкілі,
Күлкілі,
Күлкілі,
Жақсылық әкелмес бұл түбі...
Мен жайлы айтамын,
Айтармын,
Мастыққа сүйеніп бір күні!
Күтіңдер!...





Пікір жазу