28.12.2022
  123


Автор: Ерлан Аманқожаұлы

Бозінген мұңлы сыбызғының жетім сазындай...

Бозінген мұңлы сыбызғының жетім сазындай,
Күймелі көште түймелі қыздың назындай,
Қаймағы қалың Қайнардың сұлу жазындай,
Бір өлең қалды,
 
Бір өлең қалды жазылмай!
Арыстан ердей азуын айға білеген,
Хан-Тәңірімдей қалпағын бұлтқа тіреген,
Үлкен армандай үн-түнсіз аққан Ілемен,
Жазылмай қалды,
Жазылмай қалды бір өлең!
Салмағы ауыр болса да қанша ақылдың,
Жүдеді құсым,
Жүрегім үшін “аһ” ұрдым.
Бар болса қане шақырғын досым, шақырғын,
Бір өлең енді жазғалы жүрген ақын кім?!





Пікір жазу