28.12.2022
  136


Автор: Ерлан Аманқожаұлы

Тоқташы желікпе жел құйын...

Тоқташы желікпе жел құйын,
Тынышымды кетірген қай зарлы ән?!
Айта алмай жанымның шер күйін,
Келемін гүл кешіп...
Найзам қан...
Келемін шықтарды құлатып,
Сор іздеп...
Тірліктен тойған бақ.
Көбелек сезімін ұнатып,
Түгеттім өзімді ойрандап.
Кеудемді ақырғы нұр есіп,
Соңғы рет тулады сол ағын.
Қарақшы қиялға ілесіп,
Обалсыз өзімді тонадым.
Қош енді, шуақтым, көзі күн,
Құдіреті қалмады көркіңнің.
Қасқырға жолдас боп төзімім,
Өзімді өлтірдім!...





Пікір жазу