28.12.2022
  97


Автор: Ерлан Аманқожаұлы

Бөлісе алмайтын қуанышыңды....

Бөлісе алмайтын қуанышыңды,
Ортақтаспайтын мұңыңа.
Жайлаудың бальзам бұлағы сынды,
Шөліркемейтін жырыңа.
Өтірік күліп тұратындарға,
Жылап жатады қу ішім.
Зарығып жүрмін шын ақындарға,
Өлуге даяр у ішіп.
Қуаныш досым...
Қаладан жұмбақ,
Сағындым қатты Ақсуды.
Бақытты шақтар санаған қымбат,
Қарайды бүгін жат сынды.
Ақылға көнбес сандуғаш кеудем,
Сағыныш дейді бәр-бәрі.
Тартып барамыз тағдырлас керуен,
Кешігіп жетер арманы.
Жұлдызы көктің неге сиреді?
(Біздер де жерге жат едік.)
Өлең шіркінді өле сүйгенім,
Өкініші жоқ қателік...





Пікір жазу