27.12.2022
279
Смартфон баласы
Өкпелетсең кешірмейді анық
Жиырма бірінші ғасырда туылған қазіргі жастар, бесіктен технологияны меңгеріп. Смартфонсыз қалса жылайтын дәрежеге жетті. Бұндай балалар барлық үйде бар десем қателік емес. Ол балалардың әңгімесі, ой пікірі сөз саптауы өте ұшқыр және байыпты. Жеткіншектің технология түсінуі, ақпаратпен жұмыс істеуі, көргендерін талдау жасауы таң қалдырады біздерді. Ешқашан бұл балаларды тыңдамай қоюға, әрекетіне немқұрайлы қарауға болмайды. Өйткені ол баланың меңгергенін біздердің бала шағымызда миымызға кіріп шықпаған. Сол үшін олардың миының құрметіне дұрыс қатынаста болуымыз керек.