27.12.2022
  224


Автор: Әбілқайыр Ғалымжан

ҚУАТТЫҢ 4 ДЕҢГЕЙІ

Үш деңгей қуатты өзіңе береді, бір деңгей сенің өзгеге қуат беруің. Осы төртеудің бірі бойыңнан табылмаса қуаттың келу балансы бұзылады. Физикалық қозғалыста болған адам денесі қуатты болады, сіз қуатты болған сайын сіздің айналаңыздың тартылысы артады. Қуаты жоқ жерден бәрі қашады. Қуатыңыз арту үшін спортпен шұғылданған абзал, қуат арттыру арқылы, адамның қозғалысы, іс-әрекеті салыстырмалы түрде артады. Суда жүзу, таңертеңгі жүгіру бұл әрекеттер сіздің дене мүшелеріңізде бұлшық еттер қозғалысына алып келеді. Бұлшық еттің қозғалысы арқылы, адам денесіндегі қимыл әрекет кезінде мидың жұмысында талдау жақсы жүзеге асады. Жол үстінде кетіп бара жатқан көлік жүргізушісінің ойы да жинақты болады. Сіз өз өміріңіздің көлік жүргізушісі ретінде сапарға шығыныз немесе таңертен жүгіріңіз. Өйткені адам санасында түбінде біз табиғатпен етене байланысты екеніміз белгілі. Себебі, көлік, ұшақ, отарба, шайтан арба жоқ кезде, біздерде жыртқыштардан қалай қашқанымызды елестетіп көріңіз, бұл біздің қозғалыс арқасында энергиямыз артып, қозғалыс жоқ кезде жемтікке айналатынымыздың дәлелі. Екінші деңгей эмоциналдық деңгей, көңіл күй адамның қуатын түсіретін немесе арттыратын күшке ие. Адамның қуанышты кезінде, бойындағы физиологиялық күй ерекше жағдайда болады. Оның дәлелі адам қуанышы кезінде шаршағанын ұмытады. Уайым адамның жұмысқа әрекетке деген құлшынысын төмендетеді. Адам өзінің көңіл күйін мерекені ұйымдастыра білу қажет. Достарыңмен моншаға бар, немесе атпен серуенде, немесе ғашығыңа қуаныш сыйла, өзге қуанту арқылы өзіңе қуаныш сыйла. Ұлыңды қызыңды мақтан тұтатындай ет. Сондай сенің қуатыңның екінші деңгейі артады. Үшінші деңгей менталды энергияның болуы, ол мидағы ой кептелістерінің болуы, адам қуатының тоқырауына алып келеді. Менталды қуатты алу үшін мидың ішіне кіретін ақпараттың маңызды немесе маңызы жоқтарын бөліп қараңыз. Менталды қуатты толықтыратын ол сіздің маңызды шаруаларды бірінші аяқтауыңыз, шұғыл шаруалардың уақытын дәл ұйымдастырып, сол әрекеттердің аяқталуынан рахат алу. Маңызды мәселелердің кешеуілдеуінен кері кету қуатты төмендетет. Төртінші деңгейдегі рухани қуаттың артуы үшін, адамгершілік құндылықтарынан, туыстық қатынастардың ретін сақтау, адамдар арасындағы қарапайымдылық құнды күшке ие қуат көзі. Рухани қуат көзінің негізгі ерекшелігі сіздің мұқтаж адамға жасаған көмегіңіз, Бұл ғаламның адамның өзінде болмаса да бергені үшін қайтымды жағы болатынын көрсетеді. Жақсылыққа жоқ деген адамның өзі жоқ болады.





Пікір жазу