27.12.2022
367
Еркін сана
Ғалымжан Әбілқайыр
Адамдық қасиет немесе еркін сана
Ол ата-ананың тәрбиесі арқылы беріледі. Негізгі адам санасындағы турашылдық ұғымдар отбасында қалыптасады. Үлкеннің сөзін бөлме ұят болады, кішкентайларды ренжітпе, бейәдепсөздер айтпа, дастархан басында қонақтар алдына келме деген сияқты, тәртіпті бол, мектепте сабақты жақсы оқы дегендей тағы басқа толып жатқан ырым-тиымдар бала санасынан орын табады. Адамдық қасиеттерді қалыптастыру бар және оны сақтап қалу бар. Адамдық қасиеттерге бала кезеңнен өткеннен кейін шабуылдар үдей түседі. Оған моральдық материалдық талаптар ақ пен қараны көру және сол екеуінің бірін таңдап ілеседі. Өмірдің өзі галактика секілді көз жететін жұлдыздың жарығының өзі бізге 7000 жылда келетін болса, кейбір жұлдызға бару үшін 70 млрд жыл уақыт кетеді екен, соған қарап қаншалықты үлкен кеңістікте жердің өзі тозаңдай білінер білінбес. Өмірдің әрбір сәті өзгеріс тудыратын сәттерден тұрады. Сол өзгерістер жақсыны бүлдіріп, жаманды жақсы етуі де содан болар. Жақсы да жаман да біз үшін салыстырмалы абстрактілі ұғым. Соның бір мысалы жақсы деп жүрген адам келгенде жаман, жаман деп жүрген кеткенде жақсы екенін түсінеміз. Ой елегінің өзі ұғымдарды санаға әр уақытта әр түрлі береді. Мысалы алатын болса сенің отыз жасыңдағы пікірің, сенің 50 жасыңда өзгеріп кетеді. Не болмаса Америка туралы пікірің бармаған жер болған соң басқа, барып келгеннен соң ол жер туралы пікірің басқа болып шығады. Менің айтпағым адамдық қасиеттің ішінде бізге қатігездік болып көрінетін жәйттер, бәлкім қоғам үшін дұрыс бағыт болуы әбден мүмкін. Ал мейірімділік санап жүрген сәттер ол біз үшін кешірілмейтін қателіктің басы болуы ғажап емес, Адамдық қасиеттердің ғасырлар уақыттар ауысқанмен адам ауыспайды, адам ауыспағанымен оның санасының орта ғасырлардан қазір әлде қайда қатты өзгерістерге толы екенін біліп жүрміз. Бұл қиялымнан туындаған сөздерді жазуыма сіздердің саналы пікірлеріңізде көмек берер ме екен? Ол да бір жұмбақ дүние. Барлық адамның үш келбеті болады , оның біріншісі жұрт білетін, екіншісі туыскандар білетін, үшіншісі өзі ғана білетін келбеті. Сол үшінші келбеті адамның шынайы келбеті екен. Адамдық қасиет бар ма ? әлде адамдық қасиеттен ада болған ба? әр адамның өзіне мәлім
Ғалымжан Әбілқайыр