Менің болашақ университетім
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Алматы қаласында орналасқан.
Әлемнің ең үздік Жоғарғы Оқу Орындарының бірі болып табылады.
Мен неге бұл Жоғарғы Оқу Орнын таңдадым?
Оны осындай себептерімен түсіндіре аламын:
1)Қолайлы климатты (жылы)-жерде орналасқан.(яғни Алматы-да)
2)Қазақстан Республикасындағы ең үздік Жоғарғы Оқу Орнына жатады
3)Университет ішінде Жатақхана орналасқан
4)Университетте "әскери кафедра" бөлімі орналасқан
5)Университеттің Қалашығы әдемі
6)Университеттің мәртебесі-Ұлттық
7)Журналистика Факультеті Ректоратқа жақын орналасқан
8)Университеттің білім беру деңгейі-өте жоғары.
Міне, осындай себептерімен мен бұйырса болашақта осы Жоғарғы Оқу орнына түскім келеді.
Қазақ Ұлттық Университетінде
16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк; 2 мыңнан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам ірі академиялардың академигі, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық Республика Мемлекеттік және атаулы сыйлықтарының лауриаттары бар.
Жақында Әл-Фараби Университеті әлемнің 200 университерінің қатарында-175 орыннан,
150 орынға көтерілді.
Бұл Университет үшін ең үлкен жетістіктерінің бірі.
Университет алда талай шыңдарды бағындырып,талай жетістіктерге жетеді-дегенге үміттенемін.