20.12.2022
83
Саусақтың ұшын пайдалана отырып дем салу.
Яғни, дұға оқып отырып, науқастың ауырған жеріне топырақ жағу арқылы дем салу. Айша анамыздан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте: Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әдетте науқасқа: «Бисмилләһ! Турбәту ардина, бириқати баъдина, йушфа сақимунә, би-изни Раббина» (Алланың есімімен! Біздің топырағымыз біреуіміздің түкірігімізбен, науқасымызға Раббымыздың рұқсатымен шипа болады!) - деп айтатыныны жеткізілген. (Бұхари). Яғни Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөздерді айта отырып, сұқ саусағын түкіріктеп, топыраққа тигізіп, пайда болған лай топырақты ауырған жерге жағатын болған.