Өзін – өзі тану пәнінен эссе
Асылбекова Гүлден Ержановна
Cәбилік кезінен балалардың ата-аналарына, туған-туыстарына,үлкендерге
қоятын сан түрлі сұрақтарына анықтап,нақтылап,дәлелдеп,тиянақты жауап
беруге,олардың танымдық сұраныстарын қанағаттандыруға, ата-аналармен
бірлесе отырып жан-жақты тәрбие беруге осы «Өзін-өзі тану» пәні
көмектеседі.Ата-ананың,мектептің басты міндеті-баланы
сыпайылыққа, әдептілікке,мәдениеттілікке,адамгершіліккеүйрету.
Кішкентай кезінен тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, ұйымшылдыққа,
отаншылдыққа тәрбиеленген бала адамгершілігі мол азамат болып шықпақ.
Жас ұрпақты биік адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін оларды ең алдымен
өзін және басқа адамдарды қадірлей,сыйлай білуге үйретемін.
Мәдениеттіліктің басты белгісі-жанашырлық,тілектестік,мейірімділік,
сыпайылық,кішіпейілділік,адамдарды құрметтеу,олардың айтқанына көңіл
қою,тыңдай білу екендігін жан дүниесіне сіңіруге тырысамын.
2016-2017 оқу жылының басында ата-аналарға бастауыш сыныпқа
арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстырдым.
Менің міндетім оқушының жан дүниесіне бойлай еніп,оны жамандықтан
аулақ ұстап,тек тазалық пен адами жақсы қасиеттерге баули білу.
Балалардың «еңбек» құндылығы мен еңбексүйгіштік адами қасиеттері
туралы түсініктерін кеңейту мақсатында ата-аналардың қатысуымен
«Менің сүйікті ісім» атты сабақ өткізілді. Оқушылардың сүйікті істері
туралы жауаптары тыңдалып, ата-аналар тарапынан түйінделді.
1 және 2 сынып оқушыларының ата-аналарының қатысуымен
«Шаңырақ жарастығы» атты сабақ өтті.Сабақта шаңырақ жарастығы туралы
әңгімелестік.Әр оқушы анасымен бірігіп,өз шаңырақтарына жақсы тілек
айтып шықты. Әр оқушы өз отбасының сыйластығы туралы айтып берді.
Әр күнді ұмытылмас мереке етіп өткізу үшін, ата-аналармен біріге отырып
мерекелік кесте жасап алдық.Сабақ соңында оқушылар өз шаңырақтарына
жылы лебіздерін білдірді. Сыныптар арасында ғылыми жобалар
дайындалып,қорғалды.
Оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын,өмір сүру
үшін қажеттілігін,бағалы байлық екенін түсіндіру мақсатында 2 «А» және
2« сыныптар арасында «Толағай» спорттық отбасылық сайыс
ұйымдастырылды. Сайысқа 3 отбасы қатысты. Әр отбасы жеңіс мәресіне
жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп берді.Сайыстың
қорытындысы бойынша Ақбұзауовтар I орын, Мәжитов жанұясы
II орын, Саденовтар жанұясы III орынды жеңіп алды.Жеңімпаз атанған
жанұя арнаулы сыйлықтарға ие болды. Отбасылық сайыс тартымды да
қызықты өтті.