11.12.2022
77
Үйге кіргізілген отынның ауысқаны шығарылып тасталмайды. Өйткені бұл үйден өлік шығады деп қорқады. Қазақтың киіз үйінде ортасы үнемі от жағуға қалдырылады, соған орай ол жерде еш уақытта төсеніш болмайды, от киіз үйде бір жағдайда ғана—бұл үйде өлік болғанда ғана жағылмайды. Адам өлгенде отқа қалдырылған орын тазаланады және үйдің ішінен бәріне төсеніш төселеді, өлік оң жаққа қойылып тәулік бойына жатқызылады. Міне, осы себепті де отынның артығы шығарылмайды; бұл отынның керек емес екенін көрсеткен болар еді, ал отын үйде өлік болған кезде ғана керек болмайды.