10.12.2022
  210


Елімнің ертеңіне сенемін

Искакова Райгүл Шаймардановна


Адам шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап өмірге деген құлшынысы басталары хақ. Жарқын болашақ үшін, әрдайым кемел келешектің кілтін жастардың қолына ұстатып жататын атадан қалған дәстүрімізді жалғап келе жатқан ұрпақтарымыз. Көзді ашып-жұмғанша өте шыққан қысқы демалыс та артта қалды.Ерекше бір қуаныш сезімі бойымды билеп, мектепке асыға басып келемін.Әне алыстан мектебіміздегі Мемлекетіміздің Көк Туы желбіреп қуанышымды  еселей түскендей. Бірінші сынып оқушылары алдымнан жүгіріп шығып мәре-сәре. Тіпті демалыстағы қызықтарын жамырай айтып жатыр. Көздерінде үлкен үмітпен ұстазын сағына қарсы алып жатқан бүлдіршіндерімді көріп ынта жігерімнің арта түскенін байқадым. Дәл осы мезеттің өзі келешегіміздің кемелденіп,   қуанышымыздың еселене  түскенінің көрінісі-ау. Еліміздің жарқын болашағы үшін осы келешек ұрпақты білім нәрімен сусындатып жатқан ұстаз қауымының адал еңбегін айтпасқа болмас. Біздің ел-шынайы, ақылды, іскер адамды дәл танып,оны қадірлеп, қажет болар жерінде демеу бола білген ел. Дүниежүзінде материалдық игіліктері бойынша дамыған елдердің қатарына енетін күндер де алыс емес. Армандарымыздың адастырмай тура жолдан тайдырмауын тілеген, тәлімі мен тәрбиесін үлгі еткен  халықпыз. Өнегелі әңгімелердің бірінде:


Бірде қария жігітке:
— Арман деген не? — депті.
— Ата, арман деген қиял, — депті жігіт.
— Жоқ, балам, арман дегеніміз — ақыл-ойдың- шыңы. Құс — ұшсам дейді, бала — өссем дейді, қыз — көpiктi болсам дейді, жігіт — бақытты болсам дейді, қарт — жүзге жетсем дейді, ақылды — дана болсам дейді, ұстаз — шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмай кетеді. Ақымақтың арманы болмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді — депті қарт. Иә, осыдан кейін мен оқушым  4-сынып оқушысы Мақсұтов Дарынның мына өлең жолдарын келтіруді жөн санадым.


Тарихыма тағзым етіп келемін


Елім енді түсірмесін беделін.


Кемелденген келешегі нық болып,


Елімнің мен ертеңіне сенемін.


Ендеше сол асқақ армандарымыздың орындалуын тілейік. Еліміздің тыныштығы мен болашағының жарқындығына, халқымыздың мерейінің үстем болатынына сенейік.


Искакова Райгүл


Тарбағатай ауданы


Үштөбе ауылы





Пікір жазу