10.12.2022
  233


«Менің кәсіби таңдауым». Эссе

Есмаганбетова Кымбат Толеухановна


Қоңырау үні.Балалардың шуы. Тыныштық. Дәптерлер парақтарының сыбдыры. Бордың тақтаны сырған дыбысы. Мұғалімнің үн қатуы. Оқушылардың көптеген   дауыстары. Сұрақ-жауап. Пікірталас. Мақсатқа жету. Менде және менің оқушыларымда бәрі де ойдағыдай болғанына қуану. Және тағы да қоңырау. Балалардың дауысы. Күнде осылай. Өйткені мен – мұғаліммін! Бұл –менің мектебім! Бұл менің үйім! Бұл менің жан сарайым!


Мен сыныпқа кіремін, оқушылардың көзін көремін. Кейбірінде – байыптылық, басқаларында – қызығушылық, үшіншілерінде –үміт, ал кейбірінде – немқұрайлық. Олар әр алуан! Әрқайсының өз ойы, өз мәселесі, өз әлемі, олар сондай осал және де оларға міндетті түрде ашылуға көмектесу керек. Мен бүгін Дананың, Эльвираның, Дәуреннің неге бет бұрғанын анықтауға тырысамын,тамырын басып қызықтырамын. Балалар әртүрлі, өзіндік мінез-құлқы, сана-сезімі, өмірлік тәжірибесі бар. Мен олар үшін қандай боламын? Оларға қандай құндылықтарды беремін? Сұрақтар, сұрақтар, сұрақтар… Өмір оларды күнделікті қояды. Менің түсінгенім, «ең нашар» деген оқушының өзіндік таланты бар. Мен мұны үнемі есте сақтаймын. Өйткені мен  — мұғаліммін!


Менің педагог ретіндегі міндетім – баланың дамуы мен өзін-өзі іс жүзінде көрсете алуына жағдай жасау. Оқушы өзінің күшіне сенуі үшін, мен оған сенуім керек, оған өзімнің махаббатымды, жан жылуымды сыйлауым керек. Балаларға білім беру – барлық шығармашылық түрінің ішіндегі ең күрделі іс. Мұғалімдер сабақ беріп қана қоймайды, олар мінез қалыптастырады, жеке тұлғаны туындатады. Бұл үшін мұғалімнің өзі де Тұлға болуы қажет. Мен де өзімнің оқушыларым үшін тартымды, қызықты болғым келеді, сонда оларға менімен жалығып-зерігу жоқ. Олардың танымдық қызығушылықтарын, өмірге деген шат-шадыман көңіл-күйін оята отырып, өзіне де , басқаға да қол ұшын беруге даяр тұруға тәрбиелеймін.


Балалар өте талантты, тек біз олардың кілтін таба бермейміз, сондықтан ішкі әлеміне үңіле білейік, сонда олар да ашылып сабағымыз қызықты да тартымды болады, оқушылар белсенді, ата-аналар риза, мұғалімдер бақытты болады.


Өзіңе сен! –деп, мен өзіме үнемі қайталаймын. Өзіңе сен! –деп, мен өзімнің тәрбиеленушілеріме айтамын, сонда бәрі де ойдағыдай болады.  Ал мұғалімнің басты еңбегі – оқып-үйрену. Мен өзімнің әріптестерімнен, оқушыларымнан үйрендім. Және де түсінгенім, күлкілі, ақымақ болып көрінуден қорықпау, қателіктеріңді мойындау. Мен үйренудемін, әлі де үйренудемін! Әрқашан да үйренудемін! Әр уақытта да үйренудемін! Әр жерде де үйренудемін! Маған үйрену ұнайды. Өйткені мен — мұғаліммін!


   Мен – мұғаліммінБүгінгі күн кешегі күнге ұқсас емес, әр секунд – жаңашылыдықты іздеу, мұнда зерігу мен дау-жанжалға, жалқаулыққа және ренішке орын жоқ. Айналамдағыларға әр уақытта қызықты, итермелеуші күш болғым келеді.Мектеп – бұл ерекше мемлекет! Бұл мемлекеттің тұрғындары – балалар.  Балалардың маған тигізер оң ықпалы көп. Мен оларға ырзамын! Өйткені мен  — мұғаліммін! «Сабақ аяқталды», — деймін балаларға, бірақ та әр кез менің сабағым мәңгілік жалғасатынын білемін. Өйткені мен — мұғаліммін!





Пікір жазу