Үйрете жүріп үйренемін,өзгелерді үйренуге шабыттандырам
Айтбаева Баян
«Біз әлемді өзгерте алмаймыз,
бірақ өзімізді өзгертуге күшіміз жетеді…»
Конфуций
Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың «Халық пен халыкты, адам мен адамды теңестіретін — білім» деген нақыл сөзін өсиет ете отыра алға карай ұмтылуымыздан басқа алда жол жок екені айдан анық. Біз үшін «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» тіршілік жасау жат қылық болуы тиіс. Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана табысқа жете алатынын есімізден шығармағанымыз абзал. Бұл – заман талабы. Себебі, еліміздің өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан шақта сапалы білім беріп, жан-жақты, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мұғалімдердің алдында тұрған негізгі міндет. Осы орайда,ЕлбасыН.Назарбаевтың: «… Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» — деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді. Осы сөздерді басты назарға ала отырып, өзім Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсында үйренгенімді тәжірибеде қолданудың ұтымдылығын мектеп тәжірибесінде анықтауға тырыстым.Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге жауап ретінде әлемдегі бүкіл елдер өздерінің білім беру жүйелерін қайта қарауда.Қазіргі кезде мектеп директорлары үшін де,мұғалімдер үшін де ең басты,маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге қалай дайындайды?» Мен әріптестеріме көшбасшы болумен қатар мектептің дамуы үшін үлес қоса алатын үлкен әріппен жазылатын КӨШБАСШЫМЫН.Ол менің қолымнан келетініне ешқандай шүбәм жоқ.Мен ой тыңдау ,метатану,стратегия, идея тастау,сыни ойлау үдерісінің оқытуда аса маңызды екенін түсініп қана қоймай ,қолдана алатын жағдайдамын.КӨШБАСШЫНЫҢ сипаттамасы.Выготский танымдық қабілетті дамытудағы өзара әрекеттестіктің маңызын бәрінен бірінші етіп қояды,мен қазір өз мектебімнен жалғыз болсам да ізденгіш ,сыни ойлай алатын мұғалімдер бірігіп ,үлкен әскер сияқты бола аламыз деп ойлаймын.Оған теориялық білімім жеткілікті.Cебебі мектепте жаңалыққа жаны құмар ұстаз қаншама көп,біз бірігеміз ,шешім қабылдап ,іс-әрекеттер жасаймыз.Бірлескен оқу ,бірлескен іс әрекет соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал балатын әрекеттер құрылымы болып табылады.Сондықтан біз: « Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз(Сенека.)» Иә мен үйрете жүріп үйренемін.Біз де осы бағдарлама бойынша оқығанымызбен тоқталып қалмай, осы жетістікке ғана қуанып қоймай, алдымен әріптестеріме беретін жаңашылдықты, сыни ойлай білу жолдарын өз жанымызда толықтырып отыруымыз керек деп ойлаймын. Бұл орайда бағдарламаның жеті модулінің оқыту мен оқу үрдісінде тиімді екеніне көзім жетті. Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – мектепте, ал мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Қазіргі жаһандану заманында мұғалім бәсекелестікке лайық тұлға тәрбиелеу үшін заман ағымына сай білім беру мазмұнын жаңаша құру қажет екенін мен курсқа бару арқылы түсіндім. Үйрене жүріп басқаларды үйретеміз деген ұстанымды қолдап алға қарай жүреміз. Алдымызда сан белес бар асатын . Білімді адам ғана сол белестерден аса алады деген ойдамын .