10.12.2022
  180


Мен қандай көшбасшы бола білемін?

Жолдыбай Жанар Муратқызы


Мен     Жолдыбай  Жанар     Осы  мектепке жас маман болып   келгеніме    екі   жыл  көлемінде  болды. Аудандық  білім  бөлімінің  ұсынысымен  Алматы  қаласындағы « Рахым Сарсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін » коммуналдық мемлекеттік  мекемесіне жіберілдім.Қазақстанның  түпкір-түпкірінен  келген    ұстаздар  әр  түрлі  сезіммен, шығармашылықпен   келгені  анық.Ұжым мені қуана қарсы алды. Алғаш үлкен ұжымға келгеніме өзімде ыңғайсызданып жүрдім. Үлкендер мені ортаға тартып үлкендіктерін  көрсете білді .Осы кісілер сияқты менде қашан  көшбасшы бола білер екенмін деп ойландым.Бірнеше сұрақтар мені мазалады .


Қандай мұғалім көшбасшы бола білемін осы  мен? Бұл  сұрақ  мені еріксіз  жиі  мазалайтын  сұрақтың  бірі болып келгені  анық.


Орынды  сұрақ,  өйткені  ұстаздармен  оқушылардың әлеуметтік  жай-күйі,мені  мектеп  мұғалімі көшбасшы ретінде алаңдататыны  рас.


Елбасы  Н.Назарбаев  2011  жылғы  Қазақстан  халқына «Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз!» Жолдауында «Өмір  бойы  білім  алу» әрбір  қазақстандықтың жеке  кредосына  айналуы  тиіс  деп  бекер  айтпаған  болар. Елбасы  Н.Назарбаев  Жолдауында «Өмір  бойы  білім  алу» қағидасын  негізге  ала  отырып  менде  іздене батадым .Білім жетілдіру курстарына барып жаңалықтың жаршысы бола білдім.Жинақтаған  тәжірибемнің  арқасында мектеп  көшбасшысы бола білгеніме  қуанамын . Сондықтан   қазіргі  заманның  көшбасшылығына  тоқталғым келеді.Қазіргі  кезде  республикамыз  білім  беру  жүйесінің  ең басты  мәселесі  білім  сапасының  деңгейін  халық  аралық  деңгейге  жеткізу. Көшбасшы жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпашылыққа  төзе білетін тұлға.


«Көшбасшы- әлбетте, өз саласының білгір маманы, сонымен қатар, өзге саланың білгір маманы сонымен қатар, өзге саладан да хабары бар жан.
Ол топпен жұмыс жасай білуі қажет. Қол астындағы адамдардын пікірімен санаса біледі, сол пікірлерден  тобықтай түйін шығара біледі. «Үлкен жауапкершілігі бар бойында сабырлық қасиетін қалыптастыра білетін адам»-деп ойлаймын және де осы қасиеттер өзімнің  бойымнан табылатынына сенемін.Көшбасшы-әдетте  өз  саласының  білгір  маманы,болашақта  менде өзімді  осы  сатыдан  көру  үшін  аянбай  қызымет  жасаймын  деп  сендірем деген ойлар мазалап мені еріксіз арман алға жетелейді .Алғаш биология пәнінің мұғалімі болып қабылдансам ,қазір әлеуметтік –педагог болып еңбек жолында өсе бастадым. Әлеуметік жағдайы төмен  оқушылардың  қамын ойлап оларға қамқорлық жасау менің басты парызым екенін жұмысты жүргізе отырып,сезіндім ,түсіндімшыңдала түстім деген ойдамын.Аудандық әлеуметтік-педагогтардың арасында өтілген байқауға қатысып 2 орынды іскерлігіммен  шығармашылығымның арқасында алдым. Әліде алар асуларым алда екенін түсіндім.» Өмір бәрін өзі үйретеді» деген сөздің мағнасын енді түсіне бастаған сияқтымын. Алда қаншама асулар бар…





Пікір жазу