09.12.2022
  125


Оқу үдерісін қалай жақсарта аламын?

Джақсымбетов Қазыкен Алимбаевич


«Білім мен ғылымды өз дәрежесінде
меңгерген елдерғана әлемдік дамудың алдында,
озық көштің бұйда ұстар тұсында болады.
Ендеше, біз халыққа білім беру,ғылымды дамыту…
ісін қарқынды жолға қоюымыз керек.
Бұл жаңа ғасырдың, жаңа дәурдің күн тәртібінде тұратын
басты талабы»


Н.Ә Назарбаев


 Бүгінгі таңда  білім берурдің мемлекетік бағдарламасында білім беру ісінің құрылымымен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізуіне байланысты бүгінгі заман талабына сай білімберу жүйесінің халықаралық талаптарына сай дамыту міндеті тұр. Бұл міндетті жүзеге асырудың бірден — бір жолы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін жаңашаландыру, яғни өмір бойы үздіксіз білім алуға көшу болып саналады. Мен өзімнің біліктілігімді арттыру үшін Қазақстан республикасы жалпыға білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша педегогикалық шеберлік орталығына білім жетілдіруге келдім.Мемлекетіміздің мәртебесін көтеретін сапалы білім екені анық. «Баланың ынтасын ояту үшін оқытатын нәрседе бір жаңалық болуы керек», — деген екен.Ж. Аймауытов . Ең маңыздысы, балаларға дайын білімді беру емес,білімді өз бетінше меңгертудің жолын іздеу керек. Сондықтан орта білім жүйесінде «Назарбаев зияткерлік мектебі» мен Кембридж университетінің білім беру  жүйесі және педагогикалық шеберлік орталығының біріккен бағдарламасының алатын орыны ерекше.Кембридждік оқыту тәсілімен алсақ оқуды мұғалім мен    оқушы тең дәрежеде бірдей басқарады. Кембридж бағдарламасы сындарлы (конструктивті) оқыту теориясы деп аталады. Ол 7 модульді қамтиды. Атап айтқанда, сыни тұрғыдан оқыту технологиясы, оқудағы көшбасшылық, дарынды оқушымен жұмыс, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер,оқу мен оқытудағы бағалау, ақпараттық технологиямен жұмыс, оқушылардың жас ерекшелігіне қарай оқыту деп аталатын модульдерді қамтиды.  Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Оқушыларға жұптасып, топтасып жұмыс жасауда, бір-бірін тыңдап, ынта жігермен талқылап, бір қорытынды шешімге келуді, өз ойын еркін айтып, дәлелдеуді үйренеді.Сондықтан жаңа әдіс-тәсілдер арқылы өткізілген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп, баланың тереңде жатқан ойын оятып, оқушылардың еркін сөйлеуге үйретеді.Жаңашылдықты игеру мақсатында көптеген ұстаздарымыз деңгейлік  курстардан өтіп жатыр. Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз болып табылады.Елді өсіретінде,елді төмен түсіретін де – білім  сонықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдалана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!





Пікір жазу