09.12.2022
  192


Ұстаз – ұлы есім

Абдраханова Меруерт Ауезқызы


Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың: Ұстаз жан-жақты түсінігі мол,қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген,батыл һәм шешен болуы керек. Және де ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс»- дейтін қанатты сөзі бар. Қай кезеңде де ұстаздықты ұлы мамандық деп санаған. Ұстазға ақ тәж киген патшада, ақ киізге көтерген хан да бас иіп, тағзым еткен.


Ұстаз- ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз.Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігіне сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатындай үлкен тұлға. Халқымыздың, ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын,жақсы қасиеттерін, бүгінгі заманның озық жетістіктеріне жас ұрпақ ұстаз арқылы,оның айтқан тәлімді сөздерімен өнгелі істері арқылы үйренеді.Ал,бұл міндет қашанда қиын жауапты екені белгілі.Бүгінде осы мамандықтың тізгінін ұстап, талайлардың талабы мен талантын тасытып жүрген ұстаздар дүниенің әр бұрышында адамзаттың сауатын ашып,рухани және материалды құндылықтарды мүмкіндігінше тимді меңгерудің түрлі әдіс- тәсілдерін терең зерттеп, теориалық талдаулар мен тәжірибелер жасап,зор табыстарға жетуде. Ұстаздың кәсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы,оның идеялық нанымы; екіншіден, пәнді жетік білу,ойын оқушыларға толық жеткізу үшін жан-жақты қасиеттерді сіңіруі; үшіншіден,оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеруі тиіс.Ұстаз көп біліп қана қоймай,сол білгендерін оқушыға бере білуі қажет. Ұстаз шеберлігінің тағы бір ең басты қасиеті-әдеп.Әдеп-мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан қарағанда педагогикалық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрысы мәдениетінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорының жиынтығын айнасы болып есептелінеді.Әдепті ұстаз болмай тұрып,шебер ұстаз болуы мүмкін емес. Сонымен, ұстаздық шеберлік-тек қана мұғалімнің жалпы жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес,ол-әр сөзді оқушыға жеткізе білуі, олардың толық қабыл алуын, толғанып бойға сіңіруін үйретуі.Ұстаз шәкірттің білім алуға деген құлшынысын тудыра алмаса,оның ынтасы, пәнге деген қызығушылығы артпайды. Өйткені, мұғалім тақырыпты бастан-аяқ өзі талдап, өзі түсіндіріп, оқушының ойлау қабілетін дамытпайды. Ал қазіргі жаңа технологияға байланысты білім беруді оқушы өзі ізденіп,өз білгенін жолдастарына жүйелі түрде жеткізе білсе,онда ұстаз нәтижеге қол жеткізеді. Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей,ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып,қыры мол,терең дүниеге еніп кетсемде, көңілдегі арман толастамай, толқу мен қуаныш қатар алмасып,мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатқаным-өз мамандығымды шексіз сүюден болар. Біріншіден-өз мамандығымды сүйдім,сол өз мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып,оларды өз ісіме сүйсіндіре білдім.Бұл мұғалім үшін зор бақыт,үлкен қуаныш.Екіншіден-шеберлікпен,шығармашылықпен сабақ жүргізе отырып, шәкірттерімнің ынта-жігерін билеп,өз ерік-қалауымен білімге деген құштарлығын оятып,ұстаздықтың ұлы қасиетін, шын мәніндегі үлкен абырой, бедел, білім күшінің иегері екенін оқушы жүрегіне ұялаттым. «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе,әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін»дегендей. Құрметті ұстаздар,өз мамандығымызды шексіз сүйе отырып,әрбір ізденіс,әрбір қимыл тек балаға,баланың біліміне, болашағына арналса ғана шәкірттеріміз сол білімді жоғары дәрежеде көрсете алары күмәнсіз.Ұстаз сөзінің ұғымы мен үшін кең дүние.Оның ең негізгі мән-жақсылыққа тәрбиелеу,өмірде өзі де бақытты болып,өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету дегенді білдіреді.Ұстаз бен шәкірт сүйіспеншілігі-адам баласының қатынастарының ең бір абзалы,әрі мағыналы,мәнді түрі. «Бұлақ көрсең, көзін аш»деген халқымның артқан сенімін ақтау жолында,бала бойына күніне түймедей болса да, жаңа бір білімді сіңіртіп,бірақ осы аздау-ау, ертең тағы қандай жаңалық алғым келсе екен деген ой,мазалап,ертеңгі сабақ жоспарына тағы бір нәрсені түртіп қоюына себеп бар болса, ұстаздың шығармашылығы сарқылмас





Пікір жазу