09.12.2022
  183


ЭССЕ Педагогикалық айтар сөз

Шәріпходжаев Наргиза


Өмірдегі  барлық мамандықтардың арасында икемділікті, білімділікті, мейірімділікті, шеберлікті өте қажет ететін мамандықтардың бірі және бірегейі-ұстаз болу.


Әрбір ұстаздың жағымды, әсерлі, мәнерлі үні, барлық оқушыға қамқорлық сезімін көрсетуі, адамның жан дүниесін түсіне білуі, даналығы мен ақылы  ең басты шеберлігі. Ұстаз еңбегі-шәкірттерімен қарым-қатынаста  болып, мектеп табалдырығын  аттаған жас бүлдіршінге, мектептің жас түлектеріне дейін үйренсем деген армандарын, ниеттерін, оның болашақ тағдырын басшылыққа алып тәрбиелейтін маман иесі ол-ұстаз. Ұстаз атану, қадірлі болу, барлық шәкірттерін баласындай көру-әрбір мұғалімнің борышы. Ол өзінің сабақ беретін пәнін, жұмыс жасайтын мектебін, алдында отырған әрбір оқушыны шексіз сүйе білуі қажет.    Мұғалімге ерекше тән қасиет балаларды құрметтеу болып саналуы жөн.     Баланың  адамгершілігін, намысын, ерекше қасиеттерін  сыйлау және құрметтеу-  ұстаз үшін маңызды істердің бірі.


Білім беру жүйесінде ұстаздың кәсіби білімін, икемін, сан түрлі шеберлігін, шығармашылығын, өзін-өзі басқара білуін қажет етеді. Қазіргі заман, яғни  XXI ғасыр мұғалімі өз мамандығының шебері, майталманы, рухани күш-жігері мықты, талантты, шығармашыл болуы керек. Сол себепті   де  ұстаз әр баланың жан дүниесін танып білуші, жеке дара тұлға қалыптастырушы, ел болашағын ойлай білетін  жан десек те аздық етпес. «Ұстаз» сөзі адамдарға, шәкірттерге дана адам ретінде белгілі. Пәннен сабақ беретін оқытушы, еңбекқор адам.    Бұл адам әрбір баланың екінші ата-анасы, болашаққа жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге  толы жүрегі бала бойындағы көптеген қателіктерді  кешіре алады. Бала бойындағы еркелікті, тентектікті тәрбиелейді.


Қазақ ақыны Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, еңбегін кетпес далаға, ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деген өлең жолдарының мән-мағынасы өте ерекше. Егер әр шәкірт өмірде еліміздің бір кетігін жабар кірпіші болып қаланып, үйреткен ұстазынан білімге баулыған шәкірті озып жатса, әр ұстаздың еңбегінің жаңғаны емес пе?!


Мұғалімнің кәсіби біліктілігін шындауды, шығармашылық қабілетінің дамуы және педагогикалық шеберлігінің артуы болып саналады. Білім берудің ұлттық модельіне көшкен мектептерге зерттеуші, пегагогикалық үйлестіруші, шебер психолог, іскер мұғалім қажет. Қазіргі заман мұғалімі-рухани дамыған, әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін жақсы меңгерген, білікті маман, шығармашыл тұлға. Қазіргі мұғалімдер бақылаушы, тексеруші қызметін тастап, керсінше ізденуші, зерттеуші, өнер тапқыш, жаңашыл болуы керек.


Елбасымыз «Ғасыр мақсаты – саяси-экономикалық, рухани дағдарысты жеңіп шығатып ізгіленген ХХІ ғасырдың құрушы іскері, жан-жақты қалыптастырушы ол ұстаз» деген тұжырым жасады. Ол үшін әрбір ұстазға педагогикалық шеберлік өте қажет. Жақсы ұстаз кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашыл әулеті мол тұлға. Оқытудың жаңа технологиялары  мен әдістерін дайындау, қоғамның ең озық бөлігінің бірі болып саналады. Қазіргі кезде ұстаздың ең басты міндеті ХХІ ғасырға еркін ене алатын, дүние жүзінің барлық мәдениетін танитын, еліміздің тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, рухани дүниесі бай, заман талабына сай білімді және белсенді ұрпақ тәрбиелеу.


Мұғалімге тән сипаттамалар;



  • Кәсіби білімділік

  • Біліктілік

  • Бейімділік

  • Қамқорлық көзқарас

  • Сүйіспеншілік сезім

  • Ұйымдастырушылық қабілет

  • Дүниетанымдық көзқарас


ХХІ  ғасыр ұлттық бәсекеге, ақпараттық сайысқа, әр түрлі технологияларға, реформа көрінісімен ерекшеленетін ой-өрісі жоғары дамыған халықаралық деңгейге сай білімді шәкірт тәрбиелеу әр мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. «Тәрбиесіз берілген білім- адамның ең басты жауы» дегендей, ең алдымен мұғалім шәкірттеріне тәрбие берумен қоса ынтымақтастыққа баулу керек. Қазіргі білім мен білік заманына шәкірттеріміздің биіктерден көрінуі ұстаздың жаңашылдығы, жан-жақты тәрбиенің болуы арқылы қол жеткіземіз.


Қорыта айтқанда, ХХІ ғасыр-білімді ұрпақ ғасыры. Яғни, ой өрісі кең, зерделі, жан-жақты дамыған шәкірт тәрбиелеу керек екендігін естен шығармағанымыз жөн.





Пікір жазу