09.12.2022
  122


Анель Талғат

«Кек» романы желісі бойынша интеллектуалды дискуссия өтті

  “Тұран” университетінде белгілі жазушы, журналист, қоғам қайраткері Нағашыбек Қапалбекұлының “Кек” романы желісі бойынша интеллектуалды дискуссия өтті. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған іс-шараға танымал жазушылар да қатысты. Айта кетерлік жайт, модератор Тулекова Гүлжан Қажымұратқызы ізденісті талап етіп, ғылыми-әдеби талдаудың жаңа үрдістеріне жүгіну арқылы “Тұран” университетінде әр саласында білім нәрімен сусындап жатқан студенттерге романнын қыр-сырын ашып, танытып  көрсету үстінде.


Қазақтың ашаршылық заманындағы сұм тағдыры мен Омарбек батырдың ерлігі арқау болған роман аясында студенттер шығарманы қызу талқылай түсіп, оның ішінде үздіктері алдыға суырылып марапаттар өз иелерін тапқан болатын.


Біздің мақсат Нағашыбек Қапалбекұлының романымен толықтай таныстыру.


“Кек” романын ұсына отырып, Омарбек батырдың ерлігін өскелең ұрпаққа таныту.


Жазушы, журналист Нағашыбек Қапалбекұлының “Кек” романынан да, осы тарихи күндердің лебі сезіледі. Романның басты кейіпкері Омарбек Жантайұлының елі үшін соңғы демі қалғанша, халқына көрсетілген әділетсіздікпен күрескендігі, бүгінгі ұрпақ көкейінде нағыз ер, патриот


ретінде сақталады.


Омарбек батырдың біз білмеген, аңғармаған қырларын ашу адамзаттық борышымыз. Батырдың өнегесі насихатталып, таратылып, кеңінен құлаш жаю керек. Оның қайраткерлігін насихаттау, өскелең ұрпақ бойына ұлтжандылық, тарихи сана, азаматтық белсенділік сынды қасиеттерді сіңіру үстінде бастау алып жатқан эстафеталардың бірі.


Халқымыздың өткен жолына, басынан кешкен тарихи-әлеуметтік жағдайларына мән беру, тілімізге, дәстүрімізге, дінімізге, ұлттық мәдениетімізге үңіле білу біздің адамзаттық борышымыз.


Студенттер шығарманы жан-жақты талдап, «майын ішіп, жілігін шақты».


Сегіз қырлы, бір сырлы студенттер конференцияда тек шығарманы ғылыми зерттеп қана қоймады ән де, өлең-поэзия да айтылды. Осындай көңілді-сауықты дискуссияның болуы кемде-кем.


Соңында, автордың өзі жас зерттеуші, ғалымдарға жылы лебізін білдіріп ілтипат сөздерінде айтты.


Жазушының өзімен сыр-сұхбат айдарын құрған студенттер, конференция соңында олжалы болып үйлеріне қуанышпен қайтты.


Көңілді және студенттерге шығармашыл кеш ұйымдастырған филология ғылымдарының кондидаты, доцент, қауымдастырылған профессор Тулекова Гүлжан Қажымұратқызы жастардың ғылыми жұмыстарына қолдау білдіріп, ілтипат сөзін айтып сәттілік тіледі.


                   


                                             Анель Талғат





Пікір жазу