05.12.2022
438
Жан жылуы
Үй болғанмен есік жоқ жабылатын
Пеш болғанмен отын жоқ жағылатын
Қабырғаны жиһаздар жапқанымен,
Оған да жоқ, жылулар бағынатын.
Азынаған көп мұндай шаңырақтар
Алтын гауһар, тұр дәулет, аңырап бар.
Құлдырауды қалайтын, сайтан құрғыр,
Тілер екен , қол соғып, -қаңырап қал!
Мұны бәрің ішіңмен біліп тұрсың
Саналыға сәнді күн, кім ұқтырсын!
Жылтыраған дүние жылу емес.
Жан жылуы жүректе, тұнып тұрсын!