Шаттығым
Өздеріңмен еріп келді шаттығым,
Серік болды, сезіміме тәтті күн.
Сергелдеңге түсіп жүрген сәттерде,
Ойлаушы ем, береді деп бақ-ты кім?
Суып, ысып, өзгерсе де күн қанша,
Көрсемдағы, сезінбедім, мұң сонша.
Сөз бергенмін, өз-өзіме әрдәйім,
-Өмір сүрем, ұрпағым деп жұмғанша.
Мен анамын, жүрек ұлпа, жан қырық,
Ұл-қыз үшін, жүретұғын жаңғырып.
Теріп берем, тек құндысын көргеннің,
Қалмау үшін, өткелдерде жан бұғып.
Байқап жүрмін, бойыңдағы тылсымды,
Жұлдызы бар, жанып тұрған Күн сынды.
Ғашық әлем, болғанымен ең биік,
Ғұмыр өзі, махаббат қой, біл шынды.
Біреу емес, сәттер қана, бақытың,
Болмай қалса, ойыңдағы, қап құтың.
Кектенесің, жек көресің жалғанды,
Көктен дайын, түскендей боп, тап бүгін
Үмітім көп, құлындарым өзіңнен,
Болашаққа белсендісің, кезіңнен.
Өзім үшін, толғанысқа, көнсем де,
Сендер үшін, жолдарыңда, көз ілем…!