02.12.2022
  165


Автор: Фариза Оңғарсынова

ЕНШІ БЕРУ

Бірнеше ер баласы бар ата-ана олар аяқтанғасын,
бөлек шығарып, өз алдына үй етеді. Үйдегі дүниежиһаз, мал-мүліктен жас отауға береді. Мұны енші беру дейді.
Саматтың ағасы келіншегімен, кішкене қызы Жанатпен бөлек үйге көшкен еді. Самат кішкентай Жанатты
сағынып жүреді. Мектептен қайтарда ағасының үйіне
соға кетейін деп еді, жолдасы Жанай:
– Қайда барасың, сенің үйің ана жақта емес пе? –
деді.
– Ағамдікіне.
– Олар сендермен бірге тұратын еді ғой?
– Жоқ, жақында енші алып шыққан, – деді Самат
үлкен адамша байсалды сөйлеп.





Пікір жазу