02.12.2022
  156


Автор: Фариза Оңғарсынова

ҚАЛАУ

Жас сəбилі болу – қазақ үшін ежелден қуаныш, той.
Бұл – ата-бабамыздың балаға қаншалық мəн бергенін ұқтырар қасиет. Кіндік шеше қалжа алып келгенде немесе басқа жақын-жуықтар, мысалы, сол əулеттің ұзатылған қызы, нəрестеге сый-сияпат алып, құтты болсын айтуға келеді. Олар кетерде нəрестенің ата-əжесі, не əке-шешесі:
– Не қалауың бар? – деп сұрайды.
Егер қонақ сол үйдегі ең тəуір деген дүние-мүліктің, малдың бірін айтып, «осыны қалаймын» десе, үй иесі  міндетті түрде қалағанын беруге тиісті.
Баяғы кезде нəрестенің анасынан келген кілемді не үй иесінің жүйрік жалғыз атын «қаладым» десе де, қонақтан аямаған. Сондай-ақ қазақта жиен нағашысының үйіндегі кез келген затты кез келген уақытта «қаладым» деп алуына хақылы.





Пікір жазу