02.12.2022
  145


Автор: Фариза Оңғарсынова

БАЗАРЛЫҚ

Қазақта базарға шығу, малын сатып, оған қажетті киім-кешек, мата, шай, мəмпаси секілді ауылда бола бермейтін дүниелерді сатып əкеледі. Мұны «базарлап келді», «базарға кетті» дейді. Базардан керек-жарағын алып оралған адамның алдынан балалар «алақайлап» қуанып шығады. Көрші-көлең, жақын-жуықтары: «Аманесен келдің бе?» – деп жолаушыға келіп сəлемдеседі, базарға барғандағы көргендерін айтқызады. Келген кісілерге, бала-шағаға «базарлық» деп əкелген заттарынан береді.


Ерте кездері бүгінгідей машина, самолет жоқ, базарға көлікпен барғасын апталап, айлап жүріп келеді.





Пікір жазу