02.12.2022
162
СӘЛЕМ ЕТУ
Жаңа түскен келін үлкен адамдарға тізесін сəл бүгіп сəлем етеді. Жалпы келін атаулы қайын ата, қайын аға жəне басқа сыйлы үлкендерге сəлем береді. Бұл – алдымен, сəлемдескеннің, екіншіден, үлкен алдында ибалылықтың ишараты. Мысалы, ет жегеннен кейін дастарқаннан табақты алар кезде келін əуелі сəлем қылып, сосын табақты алса, жарасып тұрады.
Бұл дəстүрдің ешқандай ерсілігі жоқ, қайта жастардың ізеттілігі мен ішкі мəдениетін көрсетеді.