02.12.2022
152
БАСТАҢҒЫ
Халқымыздың жақсы дəстүрлерінің бірі – бастаңғы жасау.
Үлкендер қонақтық, той секілді жиындарға кеткенде, үйде қалған келін, қыз, бозбалалар өздері оңаша тамақ пісіріп, көрші-көлемдегі құрбыластарын шақырады. Əн салып, домбыра шертіп, үлкендер жоқта емін-еркін, əзілқалжыңдары жарасып отырыс құрады.
Бұл дəстүр де қазақтың үлкенді сыйлау, олардың алдында ауыздарына келгенді айтып, бейбастықтық көрсетпеуінен шыққан.