02.12.2022
760
ҮЛКЕН ҮЙ ЖӘНЕ ОТАУ
Қазақ халқында ата-ана ұл баласымен бірге тұрады. Ұлдары бірнешеу болса, үлкендері үйленгесін, олардың əрқайсысына енші беріп, өз алдына тұрмыс құру үшін бөлек шығарады. Енші – балаға ат-ананың беретін мал, мүлік, үй (киіз үй) не пəтері.
Əдетте, ата-ананың қолында ең кіші ұлы – кенжесі қалады. Бұл үлкен үй, ал енші алған балаларының үйі отау деп аталады.