02.12.2022
425
СЫЙ-СИЯПАТ
Біздің дəстүрімізде қадірлі қонаққа тай сойып, қой сойып құрмет көрсетеді. Кетерінде оған ат мінгізеді. Əйел адамға жағалы киім, көйлек кигізеді. Қыз балаға орамал жауып, нар мая не бота жетектетеді.
Қонақтың кішкентай баласы немесе немересі еріп келсе, тай мінгізеді.
Əрине, қазіргі кезде дəл баяғы замандағыдай ат мінгізу, нар мая жетектету мүмкіндігі бола бермейді. Алайда əркім өз əліне қарай жоралғысын жасауы керек.