02.12.2022
  185


Автор: Фариза Оңғарсынова

«САҒЫ СЫНУ»

Ақмарал мен Айдана дос болып жүретін. Бірде Айдананың анасы жұмыс бабымен жолаушылап кетті де, үйдегі кішкентай Нұрлан мен Мартаға бас-көз болып,  Айдана қалған.
Айдана дүкеннен нан əкелуге баратын болды да, жақын жерде тұратын Ақмаралға:
– Бөпелерімнің жанына отыра тұршы, – деп өтініш айтты.
– Өзімнің де шаруам бар, бара алмаймын, – деп, Ақмарал үйіне кіріп кетті. Айдана сағы сынып, үйіне қайтты.





Пікір жазу