02.12.2022
  232


Автор: Фариза Оңғарсынова

«АҚЫЛСЫЗ БАС ЕКІ АЯҚҚА ТЫНЫМ БЕРМЕЙДІ»

  Наурызбай деген жігіт көрші ауылға қыдырып келеді. Ауылдан бір ит үріп шығады. Наурызбай итті атпен қуып сабайды. Ит сиыр сауып отырған бір келіншекке келіп паналайды. Наурызбай оған да болмай, итті қамшымен тағы бір басып өтеді. Сонда келіншек итіне: «Қыңсыламай, қоя ғой, күшігім, тыңдамаса ағасы ұрар болар, інісі көтерер болар», – деген екен.


  Балалар, Наурызбайдың қылығын өздерің қалай бағалар едіңдер? Халық осындай өз əрекетіне есеп бермейтін, ойсыз, оспадар жандарға күліп: «Ақылсыз бас екі аяғына тыным бермейді», – дейді. Егер сендердің араларыңда Наурызбай сияқты ұрыншақтар болса, осы мақал естеріңде жүрсін. Əйтпесе, жолдастарының алдында да күлкі болады.





Пікір жазу