02.12.2022
115
«АТТЫҢ ЖАЛЫНДА, АТАННЫҢ ҚОМЫНДА»
Санжардың үйіне қаладан қонақтар келеді деп анасы асығыс əзірлік үстінде еді. Əкесі дүкенге барғалы жатқан. Мектептен оралған Санжар:
– Бүгін концерт қоямыз, менің жаңа жыл кешіне киген ұлттық костюмім қайда? – деп, киімін шешер-шешпестен анасынан сұрады.
– Санжар, менің қолым тимей жатқанын көрмеймісің? «Аттың жалында, атанның қомында» қабаттаспасаңшы! – деді анасы.
Асығыс іс істеліп немесе жол жүргелі жатқанда, басқа бір нəрсені қосарлана істеген жағдайда «Аттың жалында, атанның қомында» деген тіркесті айтады.
Бұл асығыс, орынсыз іс қылғанды құптамаған ниетті білдіреді.