02.12.2022
154
«ТІЛ АУЫЗЫМ – ТАСҚА»
Халықта тіл тиеді, көз өтеді, көзі тиді, сұғы өтеді деген ұғымдар бар. Жас сəбиге кереметтей сүйсінсе, таңданып-таңырқаса, бала ауырып-сырқап қалады.
Көзі тиетін адамдар да болады. Оларды «көзі бар»
дейді. Өсіп келе жатқан əдемі, ақылды, өнерлі балаға,
тіпті үлкенге де сүйсінгенде, тілеулестері:
– Несін айтасың, жақсы бала ғой, тіл-аузым – тасқа, – дейді. Яғни, тіліміз, көзіміз тасқа тисін деген
мағынаны білдіреді.