«ЕТІ ТІРІ»
Ауылға артистер келіпті деген хабар гу ете қалды.
Нұрлан Өнербаев, Мəдина Ералиева, Алтынбек Қоразбаев секілді əншілер. Концертті екі езуіңді жиғызбайтын кəдімгі Құдайберген жүргізеді екен!
Ауылдың клубы аузы-мұрнынан шықты. Ине шаншар жер жоқ. Алма өзінен екі класс төмен, бесіншіде оқитын інісі Санжармен барып еді – билет те, орын да
жоқ.
Не істерге білмей, жыларман болды. Кенет клубтың сахна жағындағы есігінен інісін жетелеп еппен кірді.
– Аға, бізде билет жоқ, кіргізіңізші, еденге отырамыз, – деді ұзын бойлы əншіге кездесіп қап.
Сахнадан залға түсіп келе жатқан Алма мен Санжарды көріп, ауыл адамдары:
– Алманың еті тірі, пысық, қарашы, ақыры, кірді, –
деп, сүйсіне таңданысып жатты.
Ұялып, тартыншақтай төмен қарап тұратын баланы «ынжық», «жасық» дейді де, ретті жерінде сөйлей,
дəлелдей білетін, қолынан іс келетін адамды «еті тірі»
дейді халық.