02.12.2022
  168


Автор: Фариза Оңғарсынова

«ӘНШЕЙІНДЕ АУЫЗ ЖАППАС, ТОЙ ДЕГЕНДЕ ӨЛЕҢ ТАППАС»

Жай күндерде білгішсініп, ал нағыз сөз айтатын кезде міңгірлеп қалатын адамға халық осылай анықтама береді.
Самал – кластағы тентек бала. Сабағы да нашар.
Кластағы қыздар, балалар – бəрі Самалдан талай «қорлық» көрген, сабақ үлгермейді, газет-журналдың бетін ашпайды, əркімге ұрынады, үлкенді де, кішіні де сыйлайын демейді. Класс жиналысын ашып, мұғалім Самалдың мінез-құлқын талқылауға шақырды. Балаларда үн жоқ.
– Əншейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас деп, күнде «Самал үйтіп кетті, Самал бүйтіп кетті» деп, енді неге тіл-ауыздарың байланып қалды? – деп ренжді жетекші апай.





Пікір жазу