02.12.2022
  177


Автор: Фариза Оңғарсынова

«КӨРСЕҚЫЗАР»

Дулатқа ағасы кеше ғана əп-əдемі портфель сатып əперген. Бүгін көршідегі Мұраттың жаңа сөмкесін көріп:
– Папа! Маған Мұраттікіндей сөмке алып берші! –
деп қыңқылады.
Балам, кеше ғана «сөмкем ұнайды» деп едің ғой!
Бұлай көрсеқызар болма!
Папасының сөзінен ұялған Дулат төмен қарады.
... Анаған да, мынаған да қызығатын, басқаға еліктегіш, өз талғамы жоқ адамды сипаттағанда халық:
– Ой, өзі бір көрсеқызар, берекесіз адам екен! –
дейді.





Пікір жазу