02.12.2022
  315


Автор: Фариза Оңғарсынова

«ЖҮРЕК ЖҰТҚАН»

 Бір топ бала мектептен қайтып келе жатқан, кенет биік үйдің артынан дəу ит арсылдап шыға келді. Балалар қаша жөнелді, Алан қалып қойды. Себебі үйдің алдында тұрған кішкентай қыз иттен қорқып, шырылдап жылап қоя берген еді. Алан қабағын түйіп, итке қарсы жүрді. «Кет!» деп айқайлады. Гүр-гүр еткен ит кенет кілт тоқтады. Сосын бір-екі үрді де, бұрылып кетті.


Қызының дауысын естіп далаға жүгіріп шыққан анасы мəн-жайға бірден түсінді. Аланның басынан сипап:
– Өзің жүрек жұтқан бала екенсің! – деп, алғыс айтты.
... Еш нəрседен қорықпайтын, батыл, ержүрек адамдарды жүрек жұтқан деп атайды.





Пікір жазу