02.12.2022
  230


Автор: Амантай Әбдіқанұлы

Қаладан қарап далама



Қалалықпын. Туғанмын далалықтан,
Даладағы нәр алдым даналықтан.
Талды мінген, тай-тана — Малды мінген
Қимай-қимай аттандым балалықтан.

Балалығым баяғы қырда қалды,
Өрістегі өркестір, жыр да қалды.
Саздағымда саңқылдап сарала үйрек,
Қаз қаңқылдап, тыраулап тырна қалды.

Оқулығым солар еді тырнақ алды…
Ақ шылауыш, шалма арқан шырмап алды.
Кетпеші деп күшігім балақ тартып,
Балтырымнан мысығым тырнап алды.

Ауашада аз-аздап сыр да қалды,
Көзбен атып көріп ем бір маралды,
Асау тайдай тулаған жүрегімді
Ауыл қызы аңдатпай ұрлап алды.

Солай-солай қоштастым балалықпен,
Ақтар ма екем үмітті дала күткен?
Аңқымаса жырымнан ауыл иісі,
Аттағандай боламын ала жіптен!


 





Пікір жазу