29.11.2022
  166


Автор: Сүндет Сейітов

Үр қызындай


Үр қызындай үлбіреп тұрған сенсің,

Менен басқа саған құл кім бар дерсің?




Көрсем деп ем өзіңдей жанды әлемнен,

Қыр соңыңнан адамзат қалмай ерген.




Ех, мәрия-ау, қадірлі Мәриямдай,

Жер басуға тиіссің сен ұялмай!




Жер басуға тиіспін мен ұялмай,

Ал, өмірім - илигөк, әриайдай...




Лүп еткен жүрегіңнің жұмыр еті -

Европа сұлудың құдіреті.




Күн жүйесі болар ем шыр айналсаң,

Кроностың ұлындай құдай болсам!..




Көк жасындай жарқ етіп жай ұрғанда,

Сені ғана мұршам бар уайымдауға.





Пікір жазу