29.11.2022
62
Қазақта шын көңілмен, адал ниетпен құдаласып, қонақ болып отырғанда табақ тартар алдында құйрық-бауырды араластырып турап, үстіне айран құяды да, құдаларға асатады. Бұл асатудың әзілге ұласатын жағы да бар. Алайда адал ниет те қабысып жатады. Айран араластыруы—тілек ақ болсын, ішібауырымыз араласқан мың жылдық құда боламыз деп ырымдағаны.