29.11.2022
94
Қазақта түнде айнаға қарамайды. Қараса—ажары кетеді, өңі бұзылады, нұры таяды, дидары солады, шұғыла қуарады деп ырымдалады. Өйткені адам баласы жарықта жүзіне нұр жинайды. Түнде айнаға қараса, сол нұр адамның көзіне шағылысып, тайғанайды деп жориды.