29.11.2022
82
Қазақта көз тиеді, сұқ өтеді, тіл батады деген ұғым бар. Кейбіреулерді «сұқ көзді, сұқ тілді» деп сескенеді. Көз сұғы—жақсы адамға, жас балаға, жүйрік атқа, қыран құсқа, сұлу қызға, қайсар батырға, қайратты палуанға тиеді деп нанады. Сондықтан ас пен тойларда палуандарды, жүйрік атты көптің көзінен тасада ұстайды. Онысы—тіл мен көздің сұғы тимесін дегені. Біреу жас келінге немесе сәбиге сұқтана қараса, «көзің тиеді, қара жерге түкір» деп, жерге түкіртеді. Көз тисе—«сұқ-сұқ» деп, тіл тисе—«тфә-тфә» деп, ерекше мақтаса—«тілің тасқа» деп қайырым айтады.