29.11.2022
98
Қазақта әйел еркектің алдында төсін ашып, жарқыратып отырмайды. Бұлай істесе, сұқ көз қадалады, тіл тиеді. Соның салдарынан төсі қараяды, омырауы іседі. Тас емшек болып, омырауынан сүт қашады. Сүт болмаған соң, құт та болмайды, құшағы суық, бауыры тас болады деп жориды.