29.11.2022
  62


Автор: Қазақ ырымдары

Қазақ ұл баласы тұрмай шетіней берсе, аман-есен туылған ұл баласының оң құлағын тесіп, сырға өткізіп қоятын болған. Себебі, ұл баланың жанын алғалы келген Әзірейіл оның құлағындағы сырғасын көріп, «қыз бала екен» деп алданып жанын алмай тастап кетеді деп ырымдаған. Ұл бала аман-есен ел қатарына қосылып, күпті көңілдері қуанышқа толғанда, сырғасын алу үшін «Сырға той» жасаған.





Пікір жазу