29.11.2022
72
Қазақ салтында жаңа түскен жас келін көрші ауылға алғаш қыдыра шыққанда, үлкен енелері оған «итаяғыңа сал» деп сақина, білезік, жүзік секілді заттар ұсынады.
Келіншек тұңғышын босанып, нәрестені алғаш шілде суына шомылдырғанда ыдысқа осы заттарды салады. Нәрестені шомылдырып болған соң әйелдер бұл заттарды бөліп алып, балаға ақ тілеу тілейді. Онысы—нәресте сараң емес, жомарт, қайырымды болсын дегені.