29.11.2022
108
Қазақ салты бойынша от алуға келген кісі от алғалы келгенін айтпайды. Отты алады да, үнсіз шығып кетеді. Тек от алып жатып: «От ана, сақтай гөр!» деген тілек айтады. Әсілі от алу—жақсы әдет емес. Сондықтан от алушы басқалармен сөйлеспейді. «Отқа келген әйелдің отыз ауыз сөзі бар» деп өсекті лаулатып айтуға тыйым салады. «Ел іші ала, кереге басы пәле болмасын» деп ұйғарады.