28.11.2022
  228


Автор: Сүндет Сейітов

ҚҰДАЙ АНА


Сегіз ай болды, сегіз күн,
Ғұмырын кешіп егіздің,
Жүрген ем сегіз ай бұрын,
Сол күні үнсіз дем үздің.

Әзіл ме сол сәт, қайғы ма?
Ұғымсыз болып жай мына.
Мен сонда "Анашым" емес,
Досым деп қалдым қайғыра..

Жыладым, ессіз құладым,
Бір жанып-өшіп шырағым.
Бір жанып-өшті шырағым,
Шырақтан соны сұрадым.

Көлеңкең кетті көрінбей,
Жан алғыш кепті ерінбей...
Анажан жатқан тар бөлме,
Көрінді маған көрімдей.

Көңілін айтты бір ағай,
Жоқтауын айтты бір ана-ай.
Анасы жоқтар зар жылап,
Анасы барлар жыламай...

Күн өтті міне, ай болды,
Қайғым да бүгін жай болды.
Сол күні туған құлыншақ,
Сегіз ай өтіп, тай болды.

Құлайын, мың жыл жылайын,
Асырап алмас Ұмайым.
Анамды көрдім құдайдай,
Сол анам менің - Құдайым!





Пікір жазу