28.11.2022
  183


Автор: Сүндет Сейітов

Сағыныш

Көзімді зағипқа беріңдер,
Қолымды батырға беріңдер,
Жолымды ақынға беріңдер,
Жанымды анама беріңдер,
қайта өмір сүрсінші ол!

Терімді кітапқа қаптаңдар,
Қылмыскердің емес,
Ақынның терісі дерсіңдер...

Көзімді - өзіме беріңдер,
Қолымды - өзіме беріңдер,
Жолымды - өзіме беріңдер,
Жанымды қайтармаңдаршы,
Қайта өмір сүрсінші ол...

Көзіммен көрейін соны,
Қолыммен ұстайын соны,
Жолыммен шақырып оны,
Жаныммен сүйейінші мен,
Сағындым...

Қылмыскердің емес,
Ақынның сағынышы дерсіңдер...

(СМС) 8 қыркүйек, 2019 жыл.





Пікір жазу